Антикор ҰҚК-ның Алматыдағы экс-қызметкерін ұстады
Антикор ҰҚК-ның Алматыдағы экс-қызметкерін ұстады
© baq.kz
Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Алматы қалалық департаменті басшысының бұрынғы орынбасары қамауға алынды, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 
Агенттік  мәліметінше, Талғат Мұқанов және басқа тұлғаларға қатысты қылмыстық істі алаяқтық фактісі бойынша ҰҚК мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы тергеуде.
"2022 жылғы 5 қазанда Т.Мұқанов сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды", – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.