Жигули Дайрабаев отандық май өндірісін дамыту бойынша ұсыныстарын айтты
Жигули Дайрабаев отандық май өндірісін дамыту бойынша ұсыныстарын айтты
290
оқылды
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Ақтөбе облысындағы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін кандидат Хромтау ауданындағы «АКМЭЗ» ЖШС май экстракциялық зауытына барып, өндіріс ошағының тыныс тіршілігімен танысты. Май өнеркәсібі бүгінде өсімдік майына деген сұраныстың артуына байланысты агроөнеркәсіптік кешеннің неғұрлым перспективті және тез дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Дайын өнім қазақстандықтардың ғана емес, бүкіл әлемдегі сатып алушылардың тұтыну қоржынында ерекше орын алады. Кездесу барысында Жигули Дайрабаев саланы дамыту үшін қолға алынуы тиіс бастамаларға тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде аграрлық салада тепе-теңдік жоқ. Кезінде ішкі өңдеуді дамыту үшін шектеулер енгізілген. Жигули Дайрабаев
«Май экспортына енгізілген кез-келген шектеулерді алып тастау керек. Осылайша отандық зауыттардың өндірістік жүктемесі артып, бәсекелестік орнайды.  Сонымен қатар, күнбағыс тұқымдарының экспортын  өндіріс көлемінің 40% деңгейінде белгілеген дұрыс. Бұл шара май зауыттары мен экспорттаушылар арасында ақылға қонымды бәсекелестік құруға мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді, өйткені кей жағдайларда квоталарды нақты май тұқымы жоқ компаниялар алып, үшінші компаниялар экспортқа жіберген», – дейді Жигули Дайрабаев.
Өсімдік майы бағасының өсуіне байланысты май өңдеу саласында отандық өндірісті дамыту мәселесі өте өткір тұр. Өз кезегінде кандидат еліміздегі зауыттар өндіріс көлемін арттырып, экспортқа бағытталған дақылдарды отырғызуға тиіс деген пікірде. Жигули Дайрабаев
«Қазақстандық фермерлерді мемлекеттік қолдау аясында ұсынылған субсидиялардың арқасында өнім, тұқым сапасы, көлемі біршама артты. Біз осы бағыттағы жұмысты белсенді жалғастыруымыз тиіс. Сондай-ақ, саладағы мамандардың білікітілігіне ерекше назар аударатын кез келді. Өндіріс ошақтарында заманауи технологияларды енгізіп, қызметкерлерді жоғары деңгейде дайындауымыз керек. Осылайша ғана оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге болады», – деп атап өтті кандидат.
Өз кезегінде зауыт өкілдері Жигули Дайрабаевтың бастамаларын қолдап, жаңашылдыққа ашық екендіктерін жеткізді. Мамандар ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілді мәселелерді шешу үшін кандидатпен, «Ауыл» партиясының мүшелерімен бірлесе әрекет етуге дайын.