Илон Маск Twitter-ді сатып алды
Илон Маск Twitter-ді сатып алды
Миллиардер Маск құстың тілін де меңгерді. Коллаж macrumors.com сайтынан алынды
661
оқылды
Әлемдегі ең бай адам 30 қазанға дейін Twitter-дегі келісімін аяқтауы керек еді. Әйтпесе, Маск пен платформаның қазіргі басқармасы арасындағы сот ісі қайта жалғасуы мүмкін еді. Істің сотқа қайта оралуы екіталай, өйткені екі жақтың да істі келісіммен аяқтайтыны 27 қазанда белгілі болды. Сол күні SlashGear ақпараттық порталы Илон Маск пен Twitter арасында қорытынды мәміле жасалғанын жазды. "Тесланың" қожайынына Twitter-дің не үшін қажет болғанын slashgear.com сайтына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_224793" align="aligncenter" width="1220"] width= Марсты бағындыруды Маск Twitter-ден бастады. Фото Getty Images агенттігінен алынды.[/caption]   [caption id="attachment_224796" align="aligncenter" width="1220"] width= Әлеуметтік желілер экстремалды саяси ойындарға үн қоса беретін жаңғырық шығаратын жартас емес. Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption] Twitter қызметкерлерін қысқартады, ауқымды жоспары бар Масктың платформаға қатысты үлкен жоспарлары бар. Соның ішінде бұрын қолданушыларға тыйым салынған тақырыптарды азайту, Twitter қызметкерлерін барынша қысқарту. Өткен бейсенбі күні Илон Маск платформаны не үшін сатып алғанын және кейбір жоспарларымен бөлісу үшін платформаға шықты. Twitter жарнама берушілеріне жазған ашық хатында Маск «әртүрлі көзқарастарды салмақты, зорлықсыз талқылауға болатын» платформаның маңыздылығын атап өтті. Ол Twitter-ді «жалпы цифрлық алаң» ретінде қарастырады және әлеуметтік желілер экстремалды саяси ойындарға үн қоса беретін жаңғырық шығаратын жартастай болмай, «қоғамның одан әрі бөлінуіне» жол бермеуі тиіс деген ойлар айтты. [caption id="attachment_224797" align="aligncenter" width="1220"] width= Twitter әртүрлі көзқарастарды салмақты, зорлықсыз талқылайтын платформа болады. Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption]   [caption id="attachment_224798" align="aligncenter" width="1220"] width= Twitter адамдарды «қуантып, көңілдерін көтеріп және ақпараттандырады». Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption] Миллиардер ірі медиа ұйымдарына да соққы бере отырып, кликбейт өшпенділік, бөліну және экстремизмді қоздыратынын айтты. Маск Twitter-ді адамзатқа қызмет ету үшін сатып алғанын және оны жақсы көремін деп мәлімдеді: «Сондықтан мен Twitter-ді сатып алдым. Мен мұны оңай болғандықтан істемедім. Мен мұны көбірек ақша табу үшін емес, адамзатқа көмектесу үшін жасадым». Қалай болғанда да, ол табысты бизнесмен және шын мәнінде, оның әлемдегі жетекші әлеуметтік желілердің бірін сатып алуында іскерлік мақсат та болуы мүмкін. Twitter-дің жаңа иесінің хабарландыруы жарнама берушілерге компанияға деген көзқарасын түсіндіруге бағытталған. Платформаның өмір сүруі ақылы жарнамаға байланысты. Масктың жоспарлары жарнама берушілерді платформадан жаппай бас тартуына түрткі болса, онда бұл сатып алу әлем бизнесі тарихында ең қымбат сәтсіздік деп аталуы мүмкін. Шын мәнінде, Маск «маңыздылығы төмен» жарнамаларға қарсылық танытады, бірақ сәтті таргеттелген жарнамаларды пайдалы мазмұн деп санауға дайын. [caption id="attachment_224801" align="aligncenter" width="1220"] width= Twitter-дің Лондандағы штаб-пәтері өзгерістер алдында. Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption] Бұдан басқа Маск Twitter-ді «әлемдегі ең абыройлы жарнамалық платформаға» айналдыру жоспарын айтты. Бренді нығайтуға және бизнесті дамытуға уәде берді. Маск өзінің көзқарастарын көпшілік қолдайтынына сенімді әрі мақсатты коммерциялық ұсынымдар адамдарды «қуантып, көңілін көтеріп және ақпараттандырады» деп есептейді. Ол «емдеу», «қызмет көрсету» және «тауарлар» деген жаңа концепция ұсынады. Концепция ірі технологиялық компаниялар ұстанатын «жарнаманы жекелендіру» мен қолданушы деректерін бизнестік мақсатта жарнамалар сату үшін пайдалануға ұшталған. Көптеген ұқсас қызметтер сияқты Twitter де жарнамаларды таргеттеу үшін қолданушылардың деректерін қолданады. Твиттер еркін сөйлеуге арналған платформаға айналмауы мүмкін Өзінің жазбасында Маск Twitter-ді бастапқы бағамен сатып алғанын түсіндіреді. Миллиардер Twitter-ді «еркін сөз платформасына» айналдыруды көздей отырып, сөз бостандығына шектеулер белгіленген заңдарға сәйкес болатынын растады. Оның айтуынша: Твиттер «ойына келген пікірді жайып салатын, жауапсыз жазбалар қалдыратын тозақ болуы мүмкін емес!». Маск платформа «баршаға жылы және қонақжай» болғанын қалайтынын айтқан. [caption id="attachment_224803" align="aligncenter" width="1220"] width= Маск Twitter-ді адамзатқа қызмет ету үшін сатып алғанын және оны жақсы көретінін жазды. Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption] Маск өз ойын нақтылау үшін қазіргі фильмдер мен ойындар үшін қолданылатын жүйені атап көрсеткен. Бұл – платформаның цензурасы қолданушылардың қолында болады дегенді білдіруі мүмкін. Заңсыз әрекетке (немесе экстремалды сөйлеуге) тыйым салынуы мүмкін болса да, қолданушылар қорлайтын сөздерді көрмеу үшін өздерінің қалауларын өзгертуі қажет дегенді білдіретін сияқты. Көшеде біреуді қол арамен қорқыту идеясынан бас тартқан адамдар Grand Theft Auto ойнаудан аулақ болғаны сияқты, даулы риториканы жақтырмайтын адамдар да тіркелгі параметрлерімен айналысуы керектігін Маск ашық ескертеді. Бұл қадам Масктың біраз уақыт бұрын қабылдаған ұстанымының жұмсарғанын көрсетеді. Негізгі жарнама берушілер даулы контентті орналастыратын платформалардан аулақ болуға бейім, бірақ жүйе компанияларға өз жарнамаларын әртүрлі пікірдегі адамдарға бейімдеуге мүмкіндік береді. Маск өзінің бұндай ұстанымдарын нарық қабылдамауы да мүмкін екенін жоққа шығармайды. Ондай жағдайда Twitter мен оның жаңа қожайыны миллиардер Илон Маск сәтсіздікке ұшырайды.