Павлодарда КамАЗ жүргізушісін өз көлігі басып кетті – видео
Павлодарда КамАЗ жүргізушісін өз көлігі басып кетті – видео
Фото: ainews.kz
606
оқылды
Павлодар облысында жүргізушіні КамАЗ басып кетті. Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиғаның видеосы Polisia.kz Telegram арнасында жарияланды. 31 қазан сағат 11.20 шамасында Ақсу қаласының жанармай құю бекетінде КамАЗ 5410 автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі осы көліктің қозғалтқышын іске қосуға тырысып, машинаның астында болған.   Қозғалтқыш іске қосылған сәтте көлік орнынан өздігінен қозғалып, жүргізушіні басып кеткен. Жарақат алған жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр.