Бауыржан Байбек апатты жағдайдағы балабақшаның күрделі жөндеуден өтетінін айтты
Бауыржан Байбек апатты жағдайдағы балабақшаның күрделі жөндеуден өтетінін айтты
© сурет интернеттен алынды
346
оқылды
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Павлодар облысындағы жұмыс сапарының екінші күні Екібастұз қаласына келді. "Павлодар облысындағы жұмыс сапарының екінші күні Екібастұз қаласына келдім. Мұнда қаладағы проблемалық нысандардың бірі – «Алтынай» арнайы балабақшасының жай-күйімен таныстым.  Балабақшада ерекше қажеттіліктері бар 138 бала тәрбиеленуде. Бұл ғимаратқа соңғы рет күрделі жөндеу бұдан 10 жыл бұрын жасалған екен. Ғимараттың шатыры, қасбеті мен жылу жүйесі апатты жағдайда. Осы мәселені таяу арада шешу үшін барлық шара қолға алынады. Балаларды қолдау және олардың құқықтарын қорғау – «Nur Otan» партиясы жұмысының басты басымдықтарының бірі",- деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.