Атақты блогер 90 миллион теңге тұратын көлігін өртеп жіберді – видео
Атақты блогер 90 миллион теңге тұратын көлігін өртеп жіберді – видео
Көпшілікке «NNN» лақап атымен таныс атақты блогер Нұрдәулет Бектұрсын құны 90 млн теңге тұратын Mercedes GT көлігін өртеп жіберді. Блогер көлікті өртеген сәтін видеоға түсіріп, Instagram-да жариялаған. Аталмыш видео аз уақыт ішінде миллионға жуық қаралым, бірнеше мың пікір мен лайк жинаған. Видеода NNN достарымен бірге көлікті өртейтін орынды дайындап, жан-жағына бензин шашып, от қойған. Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі блогерді сынға алып жатыр.
«Ысырап қылып өртегенше, сатып ақшасын мұқтаж жандармен бөліссең болар еді», «Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді деген осы шығар» деп жазды олар.
Сонымен қатар, Нұрдәулеттің мұндай әрекетін хайп санап, «Бәрі алдын ала ұйымдастырылған», «өтірік сияқты» деп сенімсіздік танытып жатқандар да бар. https://youtu.be/XJSvA4EKGFw