Атырауда коммуналдық мекеменің көлігін мас күйінде тізгіндеген жүргізуші апатқа ұшырады
Атырауда коммуналдық мекеменің көлігін мас күйінде тізгіндеген жүргізуші апатқа ұшырады
830
оқылды
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 1 қараша күні сағат 16:00 шамасында орын алған. Қала тазалығына жауапты мекеменің КамАЗ автокөлігі Атырау мөлтек ауданында жол жүріп келе жатып, электр бағанасына, кейін тұрғын үйлердің бірінің қоршауына және аула ішіндегі автокөлікке соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ. Автокөліктің 32 жастағы жүргізушісінің ішімдік ішкен күйде көлік басқарғаны анықталып отыр.