Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғады
Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғады
Фото: Интернеттен алынды
5,319
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін солтүстік, орталық және шығыста ауа райы құбылмалы болады. Кейбір жерлерде қар жауады. Еліміздің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі, солтүстікте, орталықта және шығыста желдің екпіні күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын болады, желдің екпіні – 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20, түнде 23-28 м/с артады. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болжанады, желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с артуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, желдің күші 15-20 м/с құрайды. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 18 м/с бұрқасынмен бірге күшейеді. Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.