Астанада автобус жүргізушісі баланы зорлағаны үшін сотталды
Астанада автобус жүргізушісі баланы зорлағаны үшін сотталды
Фото: yandex.kz
732
оқылды
Астанада автобус жүргізушісі 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Тengrinews.kz-тің мәліметінше, 3 қарашада Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды.
«№1 автопарктің жүргізушісі А. автобус салонында кәмелетке толмаған жәбірленуші К.-ны зорлаған. А-ның кінәсі сотқа дейінгі іс жүргізу барысында кәмелетке толмаған жәбірленуші К.-ның тұрақты айғақтарымен, соттағы айғақтармен дәлелденген; жәбірленушінің өтірік айтуға және қиялдауға бейім еместігін көрсететін сарапшы психиатр-психологтердің қорытындысы; К.-ның заңды өкілінің айғақтары; сараптамалар қорытындысы, куәмен ұялы телефон арқылы хат алмасу, куәлардың айғақтары» делінген хабарламада.
Кінәсі дәлелденген жүргізуші 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.