Челябинск түбінде қазақстандықтар мінген автобус аударылып қалды
Челябинск түбінде қазақстандықтар мінген автобус аударылып қалды
310
оқылды
Ресейдің Челябі облысында Қазақстаннан Екатеринбург қаласына бара жатқан автобус аударылып, 24 жолаушы зардап шекті. Өңірдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, автобус Екатеринбургке кіреберістегі жолдың 85-шақырымында жол шетіне аударылып кеткен. 13 адам оқиға орнынан эвакуацияланды. Зардап шеккен жетеуі ауруханаға жатқызылды. Жол апаты бүгін таңғы 6.00 шамасында болған.
«Кунашак ауданындағы автобус апатынан 24 адам жарақат алды. Олардың жағдайы туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Зардап шеккендерге бүкіл қажетті көмек көрсетілу үстінде» деп мәлім етті баспасөз қызметі.
Оқиға орнында тоғыз жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеген. Пациенттер Челябинск қаласындағы №3 және №6 қалалық клиникалық ауруханаларға жеткізілді. Көлік жүргізушісі толассыз қар жауып тұрған жайсыз ауа райында автобустың жолдың оң жақ шетіне аударылып кетуіне жол берген. Полиция мәліметінше, жолаушылар Қостанай қаласынан Екатеринбургке вахталық жұмысқа бара жатқан. Барлығы - Қостанайдың тұрғындары. Ал автобусты 38 жастағы Екатеринбург тұрғыны тізгіндеген.