Жамбылда енесінің атына несие рәсімдеген келін ұсталды   
Жамбылда енесінің атына несие рәсімдеген келін ұсталды   
Фото: polisia.kz
749
оқылды
Жамбыл облысында келін енесінің атынан несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің мәліметінше, 26 қазанда Т. Рысқұлов аудандық полиция бөліміне 57 жастағы осы ауданның тұрғыны арызданған. Банк қосымшасы арқылы оның атына 750 мың теңге көлемінде несие рәсімделгеніне шағымданған. Полицейлер тексеру барысында жәбірленушінің аталған несиеден мүлдем хабары болмағанын анықтады. Ол осы уақытқа дейін тек 100 мың теңге көлемінде рәсімдеген несиесін ай сайын төлеп жүргені, тек банк қызметкері хабарласып төленбеген несиесі бар екенін ескерткен кезде білгені белгілі болды. Жедел іздестіру нәтижесінде, алаяқтыққа қатысы бар 23 жастағы Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.  Күдікті кінәсін толық мойындады. Ол жәбірленушінің келiнi болып шықты. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.