«Мен анау-мынау емес, қала әкімінің келінімін»: көпбалалы ана Жетісай қаласы әкімінің келінін 80 адамнан ақша алды деп айыптады
«Мен анау-мынау емес, қала әкімінің келінімін»: көпбалалы ана Жетісай қаласы әкімінің келінін 80 адамнан ақша алды деп айыптады
© azattyq-ruhy.kz
6,623
оқылды
@eGovpress-те жарияланған видеода көпбалалы ана Динара Қазыбекова жұмыспен қамту орталығында жұмыс істейтін Жетісай қаласының әкімі Тұрышбек Елшібаевтың келіні қайтымсыз грант алып беруге уәде етіп, 60 тұрғыннан 8 миллион теңге көлемінде пара алғанын айтты, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Динараның айтуынша, оның үйіне әкімнің келіні келіп, өзі сияқты көпбалалы аналарға көмектесуге дайын екенін айтыпты. Қазір Динараның қолында Ақбота Сартаеваның ақша жинап алғанына қатысты барлық қажетті дәлел бар.
«Мен анау-мынау емес, қала әкімінің келінімін. Мен сізді алдап кетпеймін. Бәріне шығарып беремін деп, бастапқыда 20 адамның ақшасын алып атаулы әлеуметтік көмек шығарып береді. Ақбота  Сартаева  әкімнің келіні. Қалған 60 адамның ақшасы мен құжатын жинап алып, шығармай қояды. 8 миллион теңге халықтың ақшасын қайтарып берсін. Әділ түрде шешілсін деймін. Ақша алған записьтері бәрі бар менде. Енді сотқа өткіземін деп отырмын», – дейді Динара Қазыбекова.
Түркістан облысы Жұмыспен қамту басқармасы Ақбота Сартаеваның Жетісай аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыс істейтінін растады. Бірақ ол көпбалалы ана жала жауып отыр деп сотқа арыз түсіріпті.
«Ақбота Сартаева бұл мәліметтердің жалған екенін дәлелдеу үшін 21 қазан күні көпбалалы ана Динара Қазыбекованың өзін сотқа берді. Әлі шешім шыққан жоқ. Талап-арызды 3-4 күн бұрын түсірген», – деді Түркістан облысы Жұмыспен қамту басқармасының бас маманы Махамбет Абдулла.
Ал Полиция департаменті 60 адамнан Ақбота Сартаеваның үстінен арыз түскен-түспегенін анықтап жатқанын хабарлады.