Базарда баспана проблемасын шешу жайында тегін кеңес береді
Базарда баспана проблемасын шешу жайында тегін кеңес береді
240
оқылды
Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласындағы «Дос-Нар» базарында тұрғындарға кеңес беру орталығы ашылды. «Ивушка» ықшамауданындағы ерекше орталық Jas Otan жастар қанатының жергілікті филиалының бастамасымен ашылып отыр. Қала тұрғындары орталыққа келіп, тұрғын үй, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, заңнама және денсаулық сақтау мәселелері бойынша тегін кеңес ала алады. Себебі, көп жағдайда кеңселерге бас сұғып, қабылдауға жазылуға немесе кезекте тұруға адамдардың мойыны жар бермей жататыны рас қой. Ал бұл жерге келген адамдар шаруасын да бітіреді әрі көкейінде жүрген мәселесіне қатысты тегін кеңес те алады.
– Сол себепті орталықты көзге көрнекі, көпшілік ортада ашуды ұйғардық. Базарға азық-түлік алуға келген адамдар жол-жөнекей көкейде жүрген мәселелеріне байланысты кеңес алып кете алады, – дейді Шығыстағы jasotanдықтар.
Шара барысында Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков алғашқылардың бірі болып кеңес беру орталығына келіп, тұрғындармен тілдесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан