Петропавлда 4 қараша күні басталған қар түні бойы жауған. Бүгін қалада тұман мен көктайғақ болып, салдарынан бірнеше жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кешеден бері қаланы 7 миллиметрге жуық қар басқан.
"130 километр магистральді көшелер тазартылып жатыр. Қар тазалауға 17 техника мен 30 адам жұмылдырылды", – деді Петропавл әкімі Руслан Анбаев.
Қала әкімі жүргіншілер мен көлік тізгіндеген тұрғындарды сақ болуға шақырды.
"Өкінішке қарай, ауа райының қолайсыздығына байланысты бір тәулікте қалада 14 жол апаты тіркелді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір ауа райы нашарлады, көше көктайғақ. Сондықтан жолда мұқият болуға шақырамын", – деді Руслан Анбаев.