Шымкенттік ғалымдар төрт машинаның жұмысын атқаратын ерекше техника ойлап тапты
Шымкенттік ғалымдар төрт машинаның жұмысын атқаратын ерекше техника ойлап тапты
2,429
оқылды
Шымкенттік ғалымдар бір өзі төрт машинаның жұмысын атқаратын бесаспап техника ойлап тапты. Бұл туралы Хабар24 хабарлайды. "Бұл техниканы жасауға темір де аз кетеді. Яғни 800 келіге дейін жеңілдейді. Ал ауаға газдың таралуы 3 есеге азаяды. Егіс алқабын сапалы өңдеу өнімділікті 10-15%-ке дейін арттырады", – дейді жоба жетекшісі. Нұрлыбай Манабаев инновациялық құрылғысын Қазақстан және шет мемлекеттерде аналогы жоқ авторлық туынды екенін айтады. Тіпті техниканы патенттеп тіркеменің үш данасын сынақтан да өткізіп үлгірген. Енді демеуші табылып жатса, жаппай өндіріске шығаруға әзір.
«Биыл проект есебінен Алматыдан мемлекеттік сынаудан өткізіп кетті. Сынаудан да жақсы өтті. Протоколдарының бәрі бар. Сатуға рұқсат қағазын да берді», – деп көрсетті техника ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбай Манабаев. «Екі жоба бүгінгі таңда өздерінің инновациялық жобаларын өндіріске енгізу мүмкіндіктерін алып отыр. Бұл жобалар алдағы уақытта біздің ауыл шаруашылығы саласында сүйемелдеуге қолдау табады», – дейді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков.