Биыл 9 айда 11,8 тонна есірткі тәркіледі – Ішкі істер министрі
Биыл 9 айда 11,8 тонна есірткі тәркіледі – Ішкі істер министрі
Фото: twitter.com/GenProkRK
1,926
оқылды
Қазақстанда есірткі бизнесіне тосқауыл қою үшін жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Есірткіні жарнамалап, оны сатумен айналысқан 1  772 сайт анықталып, бұғатталды. 11 тонна 800 келі есірткі заңсыз айналымнан алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «Хабар24» арнасына берген  сұхбатында айтты. Биыл елде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті құрылғалы  қылмыстық топтарды құрықтау нәтижелі болды. Сондай-ақ есірткі қылмысының алдын алуға ден қойды.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов: «Бүгінде бұл мәселе өте күрделі. Президентіміз тікелей тапсырма беріп отыр. Біздің ведомствоға осы үйлестіру, ұйымдастыру, бақылау жұмысын берді. Осы бағытта біздің жұмысымызды күшейту, қосымша жаңа функцияларды алу мақсатында қомақты қаражат бөлінеді. Бірақ ол қалай пайдаланылып жатыр? Тиімділігі қандай? Соның бәрін бір қолға алып бақылау, жергілікті өкілетті органдардан сұрауды қатайтып, жалпы қоғам болып, ел болып күреспесек, бұл – ертең біздің ұлттық болашағымызға қауіпті», – деді.
Бұған дейін есірткі сатқан зейнеткер туралы жазған болатынбыз.