«Зайсандағы ауруханаға коронавирус жұқтырғандар жатқызылады» деген ақпарат жалған - Даниал Ахметов
«Зайсандағы ауруханаға коронавирус жұқтырғандар жатқызылады» деген ақпарат жалған - Даниал Ахметов
233
оқылды
Шығыстағы шекара бойында жатқан Зайсан ауданының ауылдарындағы ауруханаларға коронавирус жұқтырған, шекарадан бері өткен азаматтар жатқызылады деген желіде тараған ақпараттар жалған. Бұл жөнінде облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Зайсандық ағайындар кеше түстен бері аудандағы Сартерек және Айнабұлақ ауылдарының амбулаторияларына Майқапшағай кеден бекетінен бері өткен адамдар карантинге жатқызылғалы жатқанын, оған ауыл тұрғындары қарсы екенін айтып, әлеуметтік желіде дабыл қаққан болатын.    width= Бұл жөнінде алдын ала аудандық әкімдік өкілдерінен ешқандай түсіндіру жұмыстары болмағанына наразы болған халық, кеше күнімен аурухана алдына жиналған. Ал түнге қарай, аурухана ішінде дайындалған төсек орындарды далаға тасып шығарып тастады. Сол кезде Сартерек ауылына аудан басшылығы, аудандағы құқыққорғау саласы өкілдері барғаны белгілі болды. Дәл осындай жағдай аудан орталығына жақын Айнабұлақ ауылында да болды. Жергілікті халық шекара асқан адамдардың Зайсанға топталғанын қаламайды және тез арада шекараның жабылуын талап етуде.   https://www.youtube.com/watch?v=t2XuPxqdh48 Ал бүгін таңертең облыс әкімі Даниал Ахметов Зайсанға ұшып барып, халықпен арнайы кездесулер өткізіп, мәселенің мән жайын халыққа түсіндіріп жатыр. «Облыс әкімі Даниал Ахметов жұртты тыныштандыру үшін бүгін Зайсанға келді. Өңірімізге науқас адамдар әкелінеді деген ақпарат жалған. Шындыққа сәйкес келмеймін мәліметтерді таратқандар қылмыстық жауапқа тартылатынын еске саламыз», – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі. – Қазақстанда инфекция жұқтырған ешкім жоқ. 17 ақпаннан бастап Қытайдан келген әрбір азамат екі аптаға обсервациялық бақылауға жатқызылады. Облыстың медициналық мекемелерінде коронавирусқа қарсы препараттар қоры жеткілікті. Сондықтан баршаларыңызды үрейленбеуге шақырамын. Жағдай тұрақты бақылауда», - деді Даниал Ахметов. Еске салайық, кеше 19 ақпан күні аймақ басшысы Даниал Ахметов халық алдындағы есеп беру кездесуінде осыған қатысты сауал қойғандарға Шығыстағы шекаралас ауылдардың тұрғындарын коронавирустан үрейленбеуге шақырған еді. Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан