Қар, тұман, көктайғақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Қар, тұман, көктайғақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
588
оқылды
"Қазгидромет" синоптиктері еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және Орал қаласында тұман түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, сондай-ақ Петропавлда қалың тұман болатыны болжанады. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыс орталығында, шығысында көктайғақ болады. Түркістан облысының таулы аймақтары мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы өңірі мен тау бөктерінде қалың тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Солтүстік батыстан, солтүстіктен жел соғады, тау асуларында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Шымкентте қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Арасында тұман болады. Түркістанда 8 қарашада түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с-ті құрайды. Ақтауда оңтүстік шығыстан жел соғады, күндіз оның екпіні 15-18 м/с болады деп күтіледі.