Отырыстың күн тәртібі белгіленді
Отырыстың күн тәртібі белгіленді
Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Палата депутаттарына «Қазақ­стан Республикасының Қыл­мыс­тық-процестік кодексіне сот алқа­би­лердің қатысуымен қарайтын іс­тер санаттарын кеңейту мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер енгізу ту­ралы» заң жобасын бірінші оқы­лымда қарау ұсынылды. Заң жобасы Мемлекет басшы­сының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру үшін әзір­ленген. Мақсаты – алқабилердің қа­тысуымен істерді қарау мәсе­ле­лерін реттейтін қылмыстық іс жүр­гізу заңнамасын жетілдіру. Қа­зір алқабилер қылмыстық құ­қық бұзушылықтардың 14-құра­мын қарастырады. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 35-ке дейін, ал 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, аса ауыр ғана емес, құқық бұзу­шы­лықтардың басқа да құрамы бойын­ша 43-ке дейін ұлғаятын бо­лады. Сонымен қатар күн тәртібінің жо­басында Палата комитеттері бір­қатар жаңа жобаларды жұмысқа алуды көздейді. Олар: тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық, ең­бек даулары мен жанжалдарды ше­шу тәртібін оңайлату және жайы­лымдарды пайдалану мәсе­ле­лері туралы заң жобалары. Мәжіліске келіп түскен заң жо­баларының қатарында Әкім­ші­лік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткі құралдарының, пси­хотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айна­лымына қарсы іс-қимыл мәселе­лері туралы, сондай-ақ ратифи­ка­цияланатын заң жобалары бар.