Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 15 баласы бар отбасыларға 159 мың теңге жәрдемақы төлеу мәселесі қарастырылып жатқанын айтқан болатын. Қоғамда сынға ұшыраған ұсынысқа жалғыз үміткер - көпбалалы отбасы Павел мен Татьяна Култышевтар Петропавлда тұрады.Azattyq Rýhy-ның жазуынша, Петропавлдағы Жұмысшы кентінде тұратын көпбалалы отбасы биыл маусым айында 16-шы сәбиін күтіп отыр.
[caption id="attachment_22610" align="alignnone" width="1250"] Фото: azattyq-ruhy.kz[/caption]
Дереккөздің жазуынша, Татьяна орта мектепті тәмамдағаннан кейін бірден тұрмысқа шыққан. Павел екеуі 18 жылдан бері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Көпбалалы ана тұңғышын 20 жасында дүниеге әкелген. Егіз балалары жоқ. Сәбилерінің арасы, негізінен, 1 жас шамасында. Отбасында 8 ұл, 7 қыз бар.
«Мен әдетте босанатын шақ жақындағанда ғана дәрігерге барамын. Осы үшін мамандардан сөз де естимін. Бірақ менің түрлі сараптама тапсырып, ультрадыбыстық зерттеуге барып жүретін уақытым жоқ. Балаларыма қарауым керек. Дәрігер жылда түсініктеме жаздырады. Дәл осылай айтамын. Ниеті түзу адамға Құдай беретініне сенемін. Өйткені перзентханаға талай барғанда неше түрлі жағдайларды көрдім. Балалары сырқат болып дүниеге келіп жатады. Кей келіншектердің денсаулығы ана атанбай жатып сыр береді. Менде бәрі жақсы. Босанамын да, үйге қайтамын», – дейді Татьяна.
Өзінің айтуынша, балалардың барлығы 3-4 келі салмақпен туған. Тек 14-шісі, яғни Диана ғана ірірек – 4 келі 400 грамм болған. Ал, ең аз салмақпен дүниеге келген Елана ғана 2,9 келі болған екен.
[caption id="attachment_22611" align="alignnone" width="1200"] Фото: azattyq-ruhy.kz[/caption]
Отбасы Жұмысшы кентінен 2012 жылы үй сатып алған. Бала-шағасы көбейген соң, шағын ғана баспанаға қосымша бөлмелер жалғап кеңейткен. Қазір тұрып жатқан 4 бөлмелі жер үй 17 адам үшін тарлық етеді.
azattyq-ruhy.kz