TikTok-та шымкенттік 11-сынып оқушысы 7-сыныптан бері өзін туған әкесі зорлап келе жатқанын айтты
TikTok-та шымкенттік 11-сынып оқушысы 7-сыныптан бері өзін туған әкесі зорлап келе жатқанын айтты
Фото: qwizz.ru
3,706
оқылды
«НемолчиKz» қорының басшысы Дина Таңсәрі Шымкентте 11-сынып оқушысының 7-сыныптан бері туған әкесінен зорлық көріп келе жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. «TikTok-та шымкенттік 11-сынып оқушысы 7-сыныптан бері оны туған әкесі зорлап келе жатқанын айтты. Қыз өзіне екі рет қол салмақ болған, өзі хабарлауға қорқады, көпбалалы отбасыдан шыққан», – деп жазды Дина Таңсәрі. Дина Таңсәрі жасөспірімнен алған барлық ақпаратты Шымкент қаласы ПД-ға берді. Департаменттің баспасөз қызметі жасөспірімнің жақындары, өзі жыныстық зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығаратынын айтып, мәлімдемеге түсініктеме берді. «Бұл факт ҚР ҚК-нің 122-бабы бойынша «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас» бойынша Шымкент қалалық Қаратау тобының СДТБТ-да тіркелген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі, оның ішінде бірқатар сараптама  тағайындалды. Психологтер жасөспіріммен жұмыс істейді. Алайда кәмелетке толмаған қыз және оның ата-анасы полицияға қандай да бір өтініш беруден бас тартып, зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарды. Іс Шымкент қаласы ПД басшылығының ерекше бақылауында», – делінген хабарламада.