Алматы полициясы екі автобустың соқтығысуына қатысты толығырақ мәлімет ұсынды
Алматы полициясы екі автобустың соқтығысуына қатысты толығырақ мәлімет ұсынды
459
оқылды
Алматы полициясы екі автобустың соқтығысуына қатысты толық мәлімет таратты. Жол апаты салдарынан 1 адам қаза тауып, 21 адам зардап шеккен болатын.
«Жол-көлік оқиғасының схемасына және видеобақылау жүйелеріне жасалған талдауға сәйкес, бүгін сағат 14.05-те жеке тасымалдаушылардың біріне тиесілі МАЗ қоғамдық көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, Төле би даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен. Солай, Төле би даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Golden Dragon маркалы автобуспен соқтығысқан. Көлікті 59 жастағы ер адам басқарған. Соқтығысудан соң 98-ші бағыттағы қоғамдық көлік екпінмен тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншілерді қағып кетті.Салдарынан жаяу жүргінші – 37 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды», - делінген полиция мәліметінде.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.