«Құдай сақтаған» – соқтығысқан екі автобустың арасында тірі қалған жолаушының видеосы жарияланды
«Құдай сақтаған» – соқтығысқан екі автобустың арасында тірі қалған жолаушының видеосы жарияланды
Фото: Видеодан скриншот
1,444
оқылды
Кеше Алматыда Төле би-Абылай хан көшелерінің қиылысында екі жолаушы автобусы соқтығысты. Бір адам қаза тапты, 21 жолаушы жараланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Видеода екі автобустың соққының екпінімен саябаққа кіріп кеткені анық көрінеді. Екі автобус көше қиылысында тұрған бірнеше адамды қаққан. Видеода жаяу жүргіншілердің бірі екі көлік арасында қалып кеткеніне қарамастан, аман қалған.   Екі көліктің екі жаққа кеткен кезінде сәтінде ортада қалып кеткен үш адамның екеуі жерге құлап түскен. Үшінші жолаушы кездейсоқ аман қалған. Қас пен көздің арасында абдырап қалған ер адам, жерде құлап жатқан жолаушыларға көмектескен. Апаттың мән-жайын полиция анықтайды.