Алдағы үш күнде қар жауып, көктайғақ болады
Алдағы үш күнде қар жауып, көктайғақ болады
© kazgazeta.kz
519
оқылды
Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатына себепші болады. Салдарынан қар жауады. Тек елдің оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен күн ашық болады, жауын-шашын жаумайды. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Елдің солтүстік жартысында жаяу бұрқасын соғады. Республика бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.