Жамбыл облысы Сарыкемер ауылында балабақша тәрбиешісі екі жасар қызды азғындамақ болған. Бұл туралы қыздың анасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Stan.kz.
Қыздың анасының мәлімдемесі желіде жарияланды. Ақпаратқа сәйкес болған оқиға туралы баланың өзі айтқан.
"Жексенбі күні қызым естен танатындай сөз айтты. "Мама, өзім жуа берсем бола ма?" деп сұрады. Мен "Жуа бер, бірақ менен және апаңнан басқа ешкімге ұстатпа" деп едім. 5 минут отырып, айтқан сөзі "Садикте аға жалайды ғой” деп. Көзі жыпылықтап, өзгеріп кеткен. Психологқа апардық", – делінген жазбада.
Оқиға "Мұрагер" балабақшасында болған. Бұл туралы пікір білдірген Жамбыл облыстық полиция департаменті арнайы комиссия құрамында тексеріс жүргізгенін мәлімдеді.
"Кәмелетке толмаған баланың дәлелдері тексерілді, қажетті тергеу амалдары жүргізілді, бейнебақылау камералары зерттелді. Сондай-ақ психологтар қызбен әңгімелесу жүргізді. Кәмелетке толмаған баланың анасы өтініш беруден бас тартты. Осы дерекке қатысты арнайы республикалық комиссия келіп, қосымша тексеру жұмыстарын жүргізуде", – делінген хабарламада.