«Анна Каренина» романы қазақ тілінде 80 жылдан кейін қайта басылып шықты
«Анна Каренина» романы қазақ тілінде 80 жылдан кейін қайта басылып шықты
403
оқылды
Алматы қаласында белгілі ақын, аудармашы Ғали Ормановтың 115 жылдық мерейтойына орай, оның Лев Толстойдан аударған «Анна Каренина» романының қазақ тіліндегі кітабының тұсаукесері өтті. Аталмыш туынды Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен «Мазмұндама» баспасынан жарық көрген.                                 Алғашында 500 данамен шыққан еңбек кейіннен оқырмандардың сұранысы бойынша 2000 тиражға жеткен. Айта кетейік, ақынның аударма саласына сіңірген еңбегі орасан зор. Ол қырғыздың «Манас» эпосының бірінші кітабын, Пушкиннің «Қола шабандоз» туындыларын қазақ тіліне тәржімалаған. Іс-шара барысында Ұлттық кітапханада «Сырлы сезім ақыны» атты Ғали Ормановтың шығармашылығы мен өміріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға ақының қызы Жамиға Орманова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Кәкен Хамзин,  «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Қайрат Мәтіреков, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Алматы қаласындағы филиалының жетекшісі Сәуле Жиреншина, филология ғылымдарының профессоры Гүлжаһан Орда, Қазақстан Жазушылар кітапхана меңгерушісі, «Құрмет» орденінің иегері Елена Ағайса, Астана қаласындағы №88 мектеп-гимназиясының директоры Жанат Тұрысбекқызы, Астана қаласындағы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп – гимназия директорының орынбасары Қаметова Айгүл, белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан, кітапхана қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен ғалымдар және туған жері Жетісу облысынан келген арнайы делегация Ақсу ауданы Ғали Ормановтың атындағы орта мектебі,  Ескелді ауданынан қонақтар қатысты. «Ғали Орманов өз дәуірінің ақыны. Сонымен бірге оның шығармаларында отан, туған жер, адамгершілік тақырыбы, табиғат сынды түрлі мәселелер көтерілді.
 "Ғали Орманов шығармаларының жастарға берері бірінші кезекте отанды сүю, патриотизм. Қазіргі таңда біз айтып жүрген Қазақстандық патриотизм", – дейді М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Гүлжахан Орда. "Биыл 115 жылдығы атап өтілді. «Анна Каренина» романының тұсаукесері – Алматы қаласындағы алғашқы шараның бірі болады. Әрине бүгінгі кешке шақырылғандар ақынның туған жері Ақсу ауданы Қапал, Қоңырдан, Жетісудан арнайы делегация келіп отыр. Сонымен қатар, Астанадағы мектептің атынан да біраз делегация келді. Ата еске алып, естеліктер айтылады", – дейді Ғ. Ормановтың жиен немересі Айдар Қырықбайұлы.