Жедел жәрдем көлігі Алматы-Өскемен тасжолында өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.Тengrinews.kz-тің мәліметінше, жедел жәрдемде айы-күні жеткен аяғы ауыр әйел болған.
8 қарашада Жетісу полиция автопатрулі жедел жәрдем көлігі жолда өртенген соң толғағы келген әйелді ауруханаға жеткізген.
«Дәрігерлер босанайын деп жатқан әйелді Қабанбай ауылынан Үшарал қаласына жеткізуге тырысқан. Алайда жолда жедел жәрдем көлігінен ақау шыққан. Әйелді полицейлер Айдын Ғазизов пен Данияр Жақсыгелдинов полиция автопатруліне отырғызып, жедел түрде ауруханаға жеткізді. Онда қажетті көмек көрсетілді», – деп хабарлады облыс ПД ПБП командирінің орынбасары Абылай Беркендіков.
Жедел жәрдем қызметкерлері полицейлерге жедел әрекет еткені үшін алғыс айтты.