Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Абай облысына екі күндік жұмыс сапарымен келді.
Аймақ бойынша сапар бағдарламасы Аягөз ауданының ауруханасына барудан басталады, онда министр осы аурухана базасында азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді.
Өңірге барған екінші күні Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының, Ядролық медицина және онкология орталығының, Семей қаласының Облыстық перинаталдық орталығының жұмысымен танысады, сондай-ақ облыс тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында журналистердің сұрақтарына жауап береді.