Азия чемпионатында финалға өткен 9 боксшының бесеуі өзбекпен жұдырықтасады
Азия чемпионатында финалға өткен 9 боксшының бесеуі өзбекпен жұдырықтасады
Фото: ru.sputnik.kz
681
оқылды
Азия чемпионатында 9 боксшымыз финалға өтті. Ақтық бәсекедегі қарсыластары анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Тоғыз боксшының бесеуі өзбекстандықтармен алтын медаль үшін жұдырықтасады. 48 келі Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) — Аратаке Кадзума (Жапония). 51 келі Сәкен Бибосынов (Қазақстан) — Хасанбой Дусматов (Өзбекстан). 54 келі Махмуд Сабырхан (Қазақстан) — Карло Паалам (Филиппины). 57 келі Серік Теміржанов (Қазақстан) — Абдумалик Халоков (Өзбекстан). 67 келі Дулат Бекбауов (Қазақстан) — Бунджонг Синсири (Таиланд). 71 келі Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) — Зеяд Ишайш (Иордания). 75 келі Нұрқанат Райыс (Қазақстан) — Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан). 92 келі Айбек Оралбай (Қазақстан) — Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан). +92 келі Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) — Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан). Бұған дейін Алуа Балқыбекова Азия чемпионатында алтын медаль алған болатын.