Reuters-тің хабарлауынша, Tesla және SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск Twitter әлеуметтік желісінің бақылау пакетін сатып алғаннан кейін қарашаның 4-8-і аралығында автокомпаниядағы өз акцияларының біраз бөлігін 3,95 миллиард долларға сатқан. Бұл туралы Reuters АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының есептеріне сілтеме жасап хабарлайды. Осы хабарламаға сілтеме жасай отырып Aikyn.kz миллиардер неліктен мұндай қадамға барғанын зерделеп көрді.
[caption id="attachment_226760" align="aligncenter" width="1670"] Маск 31,8 миллиард долларды құрайтын Tesla акцияларын сатты. Сурет Getty Images фото банкінен алынды[/caption]
Әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 2-орында тұрған Маск компанияның бағалы қағаздарын сатудың бірнеше раундынан кейін 31,8 миллиард долларды құрайтын Tesla акцияларын сатты.
Қаржылық нарықтың күмәнді ойын сейілту үшін ол бұдан былай Tesla акцияларын сатпайтынын бірнеше рет мәлімдеді. Соңғы сатылым нәтижесінде Масктың Tesla-дағы үлесі 14,7 пайыздан 14,1 пайызға дейін төмендеді.
Компанияның негізін қалаған іскер адамның ашық нарықта автомобиль компаниясының акцияларын жиі сатуы оның құнының төмендеуіне алып келеді. Өйткені инвесторларда «неге Маск акцияларын сатуда, компанияның болашағына сенбей ме?» деген сұрақтар туындайды.
Сондықтан әрбір сатылым сайын Маск нарыққа «енді акцияларымды сатпаймын» деген мәлімдеме жасаудан жалықпайды. Бұл – да батыстық қаржы нарығының ережесі.
[caption id="attachment_226762" align="aligncenter" width="1586"] Бизнесмен ірі банктерден 13 миллиард доллар және инвесторлардан 7,1 миллиард доллар несие жинады. Сурет Getty Images фото банкінен алынды[/caption]
Соңғы сатылым Twitter-ге төлеуге қажетті қаражаттың тапшылығынан болуы мүмкін. Сарапшылар бұған дейін миллиардерден Twitter-мен келісім жасау үшін Tesla акцияларын көбірек сатады деп күткен.
Бірақ бизнесмен ірі банктерден 13 миллиард доллар және инвесторлардан 7,1 миллиард доллар несие жинап, Twitter-ді сатып алу үшін барлығы 44 миллиард доллардан астам қаражат жұмсады.
[caption id="attachment_226763" align="aligncenter" width="1714"] Маск Twitter-ді сатып алуға 44 миллиард доллар жұмсады. Сурет Getty Images фото банкінен алынды[/caption]
Маск 13 сәуірде Twitter-ді сатып алу жоспарын жариялағаннан кейін, Tesla акциялары 27 қазанда нақты сатып алу болғанға дейін 34 пайызға төмендеді.
Ал миллиардердің әлеуметтік желі қызметкерлерінің жартысын жұмыстан шығару туралы даулы шешімдерінен кейін модерация ережелерін жеңілдету үшін айына сегіз доллар көлемінде алым енгізу идеясы жарнама берушілердің желіден кетуіне әкеліп соқты. Осы кезде Tesla акциялары тағы 15 пайызға құнсызданды.
8 қарашада Масктың таза байлығы Tesla акцияларының құбылуы салдарынан 200 миллиард доллардан төмен түскені хабарланды. Масктің соңғы әрекеттері қаржы сарапшыларының көңілін қалдырып, автокөлік компаниясымен емес, әлеуметтік желімен көбірек айналысады деген пікірлер туғызды.