Сенат Төрағасы қазақстандық өнімдер тасада қалатынына наразылығын жеткізді
Сенат Төрағасы қазақстандық өнімдер тасада қалатынына наразылығын жеткізді
164
оқылды
Сенат отырысында Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның өндіріс импортына тәуелді екенін атап өтті.
«Біз өзіміз Қазақстанда кейбір бағыттар бойынша отандық өнім өндірісін қалыптастыра алмадық, тәуелсіздік жылдарында соншама қаржы бөлінгенімен, өз сұранысымызды жаба алмай отырмыз», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат Төрағасы егер біздің кейбір көршілеріміздің ұлттық валютасы нығайып жатса, Қазақстанда да бағалар өсетінін атап өтті.
«Сондықтан импортты әртараптандыру керек. Мемлекеттік органдар импортты да әртараптандыруы тиіс. Басқа көлік маршруттарын пысықтау, басқа әдістерді іздеу керек. Біз көрші елдерден үнемі инфляцияны импорттай бермеуіміз керек. Әрине, біз бәрімен қарым-қатынасты дамыта береміз, барлық көршілеріміз – стратегиялық әріптестер болып табылады. Бірақ бізде жеткізу маршруттарын да әртараптандыру керек», – деді Сенат Төрағасы.
Мәулен Әшімбаев сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шағымдары туралы да айтты.
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдері ірі супермаркеттерге жіберілгенде олардың өнімдері өтетін орындардағы сөрелерге қойылмайды деген шағым түсті. Импорттық өнімдер көрінетін жерге қойылады. Ол үшін қосымша ақша сұрайды екен. Егер олар ештеңе бермесе, онда олардың өнімдері жылжытылады, ал импорт алдыңғы қатарға шығарылады. Импорттаушылар бұған қол жеткізе алады», – деді Мәулен Әшімбаев.
Оның айтуынша, бұл бағаның өсуіне және инфляцияға ықпал етеді.
«Осының бәрі желілік сауда орындарын бақыланбауынан туындайды. Бізде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне қолдау жоқ деген сөз. Бұл мәселені нормативті түрде реттеуге болады, онда ерекше шаралар қабылдауға тура келеді», – деді Мәулен Әшімбаев және депутаттар қажет болған жағдайда заңдарға қажетті түзетулер енгізуге дайын екенін атап өтті.