Әли Жүсіпов Google компаниясынан шақырту алды
Әли Жүсіпов Google компаниясынан шақырту алды
558
оқылды
Әли Жүсіпов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультетін математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша тәмамдады. Ол Google компаниясынан шақыру алып, биылғы қыркүйек айынан  Цюрихтегі кеңсесінде бағдарламашы-құрастырушы ретінде жұмыс істейді. Әли бұған дейін Яндексте тағылымдамадан өтіп, сонымен қатар «Сбер» компаниясында бағдарламашы-әзірлеуші ретінде дамытып үлгерді. Дарынды студент ЕҰУ-да оқыған жылдары бағдарламалау саласы бойынша көптеген халықаралық олимпиада мен жарыстарда жеңімпаз атанып, сондай-ақ шахмат пен баскетболға әуес болды. 26 жыл ішінде ЕҰУ-нің қабырғасында 77 мыңға жуық  білікті маман даярланды. Олардың көпшілігі отандық және шетелдік IT-компанияларда табысты еңбек етуде.