Ақтауда базардан өрт шықты (видео)
Ақтауда базардан өрт шықты (видео)
314
оқылды
Ақтауда 23-шағынаудандағы "РусКаз" базарында өрт шықты. Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, кеше сағат 23.00 шамасында базарда алты бутик өртенген. Өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз.
"11 қарашада Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне 23-шағынауданда алты бутик өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру үшін 5 бірлік техника мен 30 адам жұмылдырылған", - деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.
Кейін департамент өкілдері базардағы өрттің сөндірілгені туралы хабарлады. Көрші дүкендердің иелері тауарларын алып кетіп жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от АКТАУ | AKTAU☀️ (@aqtau_live)