Ол Халық әртісінің ұлына тұрмысқа шығар сәтте қатты қобалжығанын жасырмады.
«Қорқатынмын...»: Ақерке Бүркітбай Роза Рымбаевамен танысқан кезі туралы айтты (видео)
249
оқылды

Әнші, қобызшы Ақерке Бүркітбай енесі, Халық әртісі Роза Рымбаевамен танысқан сәтін еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол Халық әртісінің ұлына тұрмысқа шығар сәтте қатты қобалжығанын жасырмады. Енесі сырттай қатал көрінетінін ойлап, қобалжығанмен, үйіне барып танысқаннан кейін көңілі орнына түскен.

«Тұрмысқа шықпай тұрып сырттай білетінмін, сондықтан қорқатынмын. Бір концертте бірге болғанда көзге түспеуге тырысатынмын. Әли мені үйге апарып, анасымен таныстырғанда бәрі өзгерді. Ол өте мейірімді, түсінігі мол, қамқор ана екен. Барлығын өзі дайындап, тамақ жасап, дастархан жайды. Сол сәтте қорқынышым бірден басылды», - дейді Ақерке Бүркітбай The DS' Show бағдарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.