Курчатовта дәмханада жарылыс болды. Базар мен тұрғын үй зақымданды
Курчатовта дәмханада жарылыс болды. Базар мен тұрғын үй зақымданды
609
оқылды
Жарылыс салдарынан бір адам зардап шекті. Сондай-ақ "Жайлаубай" шағын базарының ғимараты бүлініп, сол маңдағы тұрғын үйдің бірнеше терезесі сынған.  12 қарашада сағат 09.35-те Курчатов қаласы полиция бөлімінің 102 жедел байланыс желісіне "Жайлаубай" шағын базарының ғимаратында газ-ауа қоспасының тұтандырғышы атылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
"Курчатов қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметі бойынша, бұл оқиғаның негізгі орын алу себебі газ-ауа қоспасының тұтандырғышы болып табылады. Қазір  тергеу жүргізілуде", - деп жазды Курчатов қаласы ПД баспасөз қызметінен.
"Жайлаубай" базарының ғимараты зардап шегіп, Абай көшесі, 31 мекенжайындағы тұрғын үйдің бірнеше терезесі зақымданған. Оқиға салдарынан көшеде тұрған ер адам зардап шекті, жағдайы қанағаттанарлық. Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды.