Ақтау әуежайында коронавируспен ауыратын науқастарды тасымалдауға дайындық жаттығуы өткізілді
Ақтау әуежайында коронавируспен ауыратын науқастарды тасымалдауға дайындық  жаттығуы өткізілді
270
оқылды
Ақтау халықаралық әуежайына ұшып келген жолаушылардан коронавирус инфекциясын анықтау  іс-шараларын  ұйымдастыру мақсатында «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.  Жаттығу кезінде әуе кемесінің бортынан коронавирус инфекциясы анықталды деген хабар келген жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларға тиісті қызметтердің дайындығы тексерілді. Жаттығудың сценарийі бойынша 20 ақпан күні  таңертең Тбилисиден келетін ұшақтағы әуе жолаушысының ыстығы, жөтел, әлсіздік, тыныс алуының қиындауы туралы ақпарат алынды. Шартты түрде белгіленген науқасты жедел -жәрдем дәрігерлері осындай жағдайларға дайындалған ауруханаға жеткізді. Жолаушылар мен экипаж мүшелері -  барлығы 82 адам, ұшу залында арнайы көліктерде эвакуацияланды, дене температурасын анықтау үшін байланыс орнатпай тексеретін тепловизор аппаратынан және сауалнамадан өткізді. Деректер тұрғылықты жері бойынша медициналық бақылауды ұйымдастыру үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына жіберілді.  Ұшақтар мен эвакуациялық машиналар залалсыздандырылды. – Бүгінгі таңда коронавирус Маңғыстау облысында тіркелмеген.  Жаттығулар барысында қызметтер Ақтау әуежайына ұшатын бортта коронавирус инфекциясы анықталған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларға жақсы дайын екендігі көрсетілді- , деп түсіндірді бүгінгі шараны Маңғыстау облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қадағалау департаментінің бастығы Ерғали Сыдыманов. Ерғали Жақсыбекұлының айтуынша, алгоритмге сәйкес, науқаспен ұшақта бірге келген  жолаушылар туралы мәліметтер инкубациялық кезеңнің соңына дейін (14 күн) жолаушыны медициналық бақылау үшін ККБТУ бөлімі мен денсаулық сақтау бөліміне жіберіледі. Сондай-ақ, оқу жаттығу барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев әуежайдағы  кеден қызметімен, санитарлық-карантиндік пункттің жұмысымен танысты.  Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қадағалау департаменті бөлімінің екі қызметкері медициналық қызметкерлерге көмекке уақытша жіберілді. Анаргүл Жексембайқызы, Маңғыстау облысы