Маңғыстау облысында жол апаты болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кеше сағат 21.45 шамасында 102 кезекші пультіне Мұнайлы ауданы Атамекен ауылында жол-көлік оқиғасы туралы шақырту түсті.
Polisia.kz-тің мәліметінше, апат салдарынан бір көлік өртеніп кетті. Екі адам қаза тапты.
Қазір өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің СДТБТ-да тіркелді.