Украинада қазақстандықтар үшін сайлау учаскесі ашыла ма?
Украинада қазақстандықтар үшін сайлау учаскесі ашыла ма?
Фото: nur.kz
420
оқылды
Украинада тұрып жатқан қазақстандықтар да сайлауға қатыса алады. Алайда Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Украинадағы қазақстандықтар үшін сайлау учаскесі ашылмайды.
«Украинадағы жағдайға байланысты бұл жолы сайлау учаскесін ашпадық. Сондықтан олар қаласа көрші елдерге – Молдова немесе Польшаға барып, сол жерде дауыс бере алады. Бірақ ол үшін елшіліктерді алдын ала хабардар ету керек. Оларға бірқатар бюллетень дайындалды», – деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Биыл Қазақстанда 20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Президенттіктен үміткер 6 кандидат бар.