«Тянгун» стансасынан ажыраған «Тянчжоу-4» жүк кемесі Жерге беттеді
«Тянгун» стансасынан ажыраған «Тянчжоу-4» жүк кемесі Жерге беттеді
«Тянгун» Қытай станциясы. Фото Shujianyang сайтынан алынды.
805
оқылды
«Тяньчжоу-4» ғарыштық жүк кемесі Қытайдың Тянгун орбиталық стансасынан сәтті ажырады», – деп жазды Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасаған РИА Новости агенттігі. Телеарна 9 қарашада Бейжің уақытымен сағат 14.55-те (Астана уақыты бойынша сағат 12.55) «Тяньчжоу-4» жүк кемесі жоспарланған миссиясын орындап, ғарыш стансасынан сәтті ажыратылды», – деп хабарлайды агенттік. Қытайдың адам басқаратын ұшу бағдарламасы әкімшілігінің хабарламасын Aikyn.kz таратып айтады. Мамыр айының басында «Тяньчжоу-4» орбитаға отын мен жабдықтарды, стансадағы экипаждың өмірі мен жұмысына қажетті материалдары мен басқа да жүктерді жеткізді. Қытайдың басқарылатын ұшу бағдарламасының әкімшілігінің ресми WeChat әлеуметтік желісінде жақын арада стансаға Тяньчжоу-5 жүк кемесін ұшыруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Тянгун ғарыш стансасының негізгі конфигурациясы қазір  негізгі Тянхэ модулі мен қосымша екі зертханалық Вентянь мен Менгтян бөліктерінен құралған. Үш сегменттің салмағы шамамен 69 тонна. Бұл туралы бұған дейін Aikyn.kz-те Қытай жеке ғарыштық стансасын жинағаны жайында жазған болатынбыз. Ғарыш стансасын пайдалану кезінде бір мезгілде адам басқаратын 2 ғарыш кемесі мен 1 жүк кемесін түйістіруге болады. Бұл жағдайда 3 модуль мен үш ғарыш аппаратының салмағы шамамен 90 тонна болады. Қазір  ғарыш стансасына «Шэньчжоу-14» басқарылатын ғарыш кемесі бекітілген. Тянгун орбиталық стансасының құрылысы 2021 жылдың 29 сәуірінде басталды. Салмағы 22,5 тонна, ұзындығы 16,6 метр және ең үлкен диаметрі 4,2 ​​метр болатын Тянхэ негізгі модулі қытайлық ғарыш станциясының алғашқы сегменті. Негізгі модуль тәжірибелік бөліктерге арналған екі станса мен адам басқаратын, жүк кемелерін түйістіруге арналған үш қондыру портымен жабдықталған. Биыл шілде айында Вентян зертханасының модулі стансамен сәтті түйіскен еді. 1 қарашада Менгтян зертханасының модулі де стансаға түйістірілді. Толық жиналған стансаның жалпы тұрғын ауданы шамамен 110 текше метрге жетеді. Ол бір уақытта үш ғарышкерді немесе экипажды ауыстыру кезінде алты адамды қабылдай алады. Стансаның жобаланған пайдалану ресурсы 15 жылға, яғни 2038 жылға дейін есептелген. Сонымен қатар 2023 жылдың аяғында техникалық қызмет көрсету үшін стансамен мезгіл-мезгіл түйісетін оптикалық телескопы бар Сюнцянь автономды астрофизикалық модулін іске қосу жоспарлануда. Бүгінде стансада шілде айында Шэньчжоу-14 ғарыш кемесімен Тянгунға келген үш адамнан тұратын экипаж жұмыс істеп жатыр. Чен Дун, Лю Ян және Цай Сючжэ осы жылдың желтоқсан айында Жерге оралады. Олардың орнына Шэньчжоу-15 кемесінің экипажы орбитада қалады.