Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин он шақты күннен кейін «АрселорМиттал Теміртаудың» Ленин шахтасындағы 5 кенші қаза тапқан апатты тексерудің қорытындысы жарияланатынын айтты. «Қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. 23 қарашада қорытынды береміз. БАҚ өкілдеріне тергеп-тексерудің қорытындысын жариялаймыз», – деді Юрий Ильин. Бұған дейін Үкімет басшысы кеншілердің қазасынан кейін «АрселорМиттал Теміртауға» талапты күшейткен болатын.