«Асылтұқымды мал деген атымен болмайды» – шаруалар субсидия көлемінің азайғанына наразы
«Асылтұқымды мал деген атымен болмайды» – шаруалар субсидия көлемінің азайғанына наразы
Фото: Интернеттен алынды
331
оқылды
Батысқазақстандық шаруалар мал шаруашылығына берілетін субсидия көлемінің азаюына наразы, – деп жазады 24.kz. Аймақта асыл тұқымды мал басын көбейту 2013 жылдан бері іске асып келеді. Бұл бағытта жеткен жетістіктер де аз емес. «Алайда, қаржылай қолдау болмаса, еткен еңбек пен төккен теріміз зая кетуі мүмкін», – дейді қожалық иелері. Талап-ережелердің жиі өзгеруі тек ет бағытындағы ғана емес, өңірдің тұтастай ауыл шаруашылығы саласына зиянын тигізеді. «Шаруалардың жанайқайы жоғары жаққа жетуі үшін салалық министрліктегі жобалық кеңсенің жұмысына өзгерістер негізу қажет», – дейді облыстық фермерлер одағының өкілдері. Айта кету керек, аталған ұйым атынан жас фермерлердің аяғынан тұрып кетуіне жағдай туғызатын бағдарлама ұсынылған болатын. Мәселен, өңірдегі 6700 шаруа қожалығының 25%-і өз ісін енді ғана бастаған. Шаруаларды, негізінен, кепілге қойылатын мүлік, банктік қарыздар мен жер телімін алуға қатысты мәселелер толғандырады. Бұқаларды шетелге шығаруға тыйым салынуы да – түйткілді мәселенің бірі. Облыстық фермерлер одағының төрағасы Серік Жарылғапов: «Мал басына 100 мың теңгеден төленетін. Егер оны алып тастаса қалай болмақ? Онда неге біз 7-8 жыл бойы мал басын асылдандырумен айналысып келдік? Онда біз сол бастапқы қалпымызға қайта ораламыз ғой. Асылтұқымды мал деген атымен болмайды. Сонда мұның бәрін неге бастадық? Қысқасы, шешімін күткен мәселе көп», – дейді.