Өткен тәулікте коронавирус пен пневмонияға 70 адам шалдықты
Өткен тәулікте коронавирус пен пневмонияға 70 адам шалдықты
Фото: yandex.kz
506
оқылды
Өткен бір тәулікте Қазақстанда 60 адамнан – коронавирус, 10 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. 16 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан – 584 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 163 (КВИ-), барлығы 747 науқас емделіп жатыр. Олардың ішінде 86 пациент стационарда, 661-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 5 адамның жағдайы ауыр; - 2 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.