«Көкшетауда жүргізуші көлікпен бірге тірідей өртеніп кетті»: оқиғаға қатысты тың мәлімет шықты
«Көкшетауда жүргізуші көлікпен бірге тірідей өртеніп кетті»: оқиғаға қатысты тың мәлімет шықты
1,567
оқылды
Көкшетауда автобус аялдамасына соғылған Мерседес көлігі жүргізушісімен бірге өртеніп кетті. Жас жігіт бұл көлікті ұрлап мініп кеткен екен, – деп хабарлады КТК арнасы. Оқыс оқиға таңғы сағат алты шамасында болған. Қала жақтан шыққан  Мерседес автобус аялдамасына соғылғанда үстіне бетон қабырға құлап, өрт тұтанған. Жүргізуші көліктен шыға алмай, тірідей жанып кеткен. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, мерт болған ер адамның жеке басы анықталып жатыр. Кейін белгілі болғандай, 25-30 жас шамасындағы жігіт біреудің көлігін ұрлап айдап кеткен екен. Ұрланған көлік иесі түнгі сағат төртте ауладағы Мерседестің дабылы қосылып, оны сөндіріп барып ұйқыға кеткенін айтқан. «Оқиға орнына жедел тергеу тобы дереу келіп, өртті сөндіре бастағанда көлік салонынан ер адамның күйіп кеткен мәйіті табылды. Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады», – деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы Марал Умекина.