«Жыл басынан бері ЖАҰСО Алматы қалалық филиалының мамандары қаладағы 600-ге жуық жол белгілерінің жарық қайтару меншікті коэффициентінің көрсеткішін және орнату биіктігін арнайы құрал-жабдықтармен тексеріс кезінде жарық қайтару көрсеткіштері бекітілген Мемлекеттік стандартқа сай емес бірнеше белгіні анықтады» делінген баспасөз хабарламасында.
Мәселен, «Думан» ықшамауданында «Жол» ЖШС «Магистраль» жеке кәсіпкерлігі әзірлеген жол белгілерін орнатқан. Тексеру барысында аталған жеке кәсіпкер дайындаған белгілерден бірнеше кемшіліктер анықталды. Қазіргі таңда олқылықтарды түзету туралы хаттама толтырылды. Ары қарай мердігер мен жол қауіпсіздігіне жауапты ұйымдарға жолданады.
ЖАҰСО Алматы филиалының инженері Айдар Бейсбековтің айтуынша, жыл соңына дейін қаладағы осындай 1500 жол белгісі тексеріледі. Ең жиі кездесетін кемшілік – жарық қайтару коэффициенті дұрыс емес, яғни орнату биіктігі талапқа сай емес.
Айта кетейік, орталықтың бақылауында Алматы 3000 шақырымнан асатын жол бар.
Алматы