Көзі нашар көретін жандарға арналған Брайль жүйесімен шыққан қос тілдегі кітапта аудио нұсқасы қатар берілген, – деп жазады pavlodarnews.kz.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай көзі нашар көретіндерге арналған «Жыл мезгілдері» кітабын шығарды. Ұлы ақынның кітабына жыл мезгілдері жайлы Жаз, Күз, Қыс, Жазғытұры атты 4 өлеңі енген.
Кітапхана қызметкері Бақытгүл Әубәкірова: «Кітапта Брайль жүйесімен қоса, аудио нұсқасы да қоса берілді», – деді.
Сондай-ақ аудио нұсқа QR код арқылы берілген. Аудионы тыңдау үшін смартфонның камерасымен кодты ашу керек. Ал, Брайль жүйесімен жазылған өлеңдер 24 беттен тұрады.