Қостанайдағы Қашар кенішінде көлік жүргізушісі өлі күйінде табылды
Қостанайдағы Қашар кенішінде көлік жүргізушісі өлі күйінде табылды
Фото: jana-kezen.kz
1,829
оқылды
Қостанай облысындағы Қашар кенішінде жұмысшының мәйіті табылды. Қайғылы хабар туралы мәлімет «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» компаниясының Instagram парақшасында жарияланды. 16 қарашада Қашар кенішінде 1960 жылғы көлік жүргізушісі өлі күйінде табылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Kashary Ruda АҚ марқұмның отбасына көмектесетінін жазған. Бұған дейін Қарағандыдағы "АрселорМиттал Теміртау" кенішінде 5 адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.