Ауыл жастарына қолдау көрсету қажет – Жигули Дайрабаев
Ауыл жастарына қолдау көрсету қажет – Жигули Дайрабаев
334
оқылды
ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде кездесу өткізді. Іс-шараға университет басшылары мен профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, ЖОО белсенділері қатысты. Кездесу барысында түлектердің жұмысқа орналасуына қатысты мәселелер талқыланды. Жигули Дайрабаев
«Жасыратыны жоқ, ауыл мен қаланың өмір сүру деңгейінде біршама айырмашылық бар. Жастар мұны түсініп, оқу аяқталғаннан кейін бірден жұмысқа орналасып, қалада қалуға тырысады. Бірақ, қазір ауылдарды дамыту мемлекеттің басты бағыттарының біріне айналып отыр. Сондықтан «Дипломмен ауылға» бағдарламасына өзгерістер енгізу қажет», - дейді Жигули Дайрабаев.
Кандидат жастар ауылды жерлерге оралып, кіші отанның дамуына үлес қосуы керек деп есептейді. Сондықтан осы бағытта барлық жағдайлар жасалуы керек дегенді де айтты. Бұл ауылды елді мекендердегі білікті мамандар тапшылығын жлюдың жалғыз жолы. Оның айтуынша, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қызмет аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру қажет. Жигули Дайрабаев
«Еліміздің ауыл шаруашылығы түлектері неге мамандық бойынша жұмыс істеуге бармайды? Біріншіден, ауыл шаруашылығындағы жалақының төмендігіне байланысты. Екіншіден, ауылдағы қиын тұрмыстық жағдайларға байланысты. Мысалы, көптеген ауылда қарапайым суық су, интернет жоқ, жолдар өте нашар. Үшіншіден, балалардың дамуы үшін жағдайдың болмауына байланысты. Сондықтан «Ауыл» партиясы ұсынғандай ауыл және ауыл шаруашылығы мәселелерін бірлесіп шешу қажет» - деді Жигули Дайрабаев.