Ұлттық музейде «Берел» залы ашылды
Ұлттық музейде «Берел» залы ашылды
415
оқылды
Астанадағы Ұлттық музей­де Шығыс Қазақстан өңірінен табылған археологиялық жә­дігерлерге арналған «Берел» ғылыми залы ашылды. Бұл зал белгілі археолог, тарих­шы Зайнолла Самашевтың 75 жыл­дық мерейтойына орай ашылып отыр.
«Ұлттық музейде арнайы ғылы­ми қор ашылды. Бұл еліміздегі ал­ғашқы осындай қордың бірі деу­ге болады. Бір өңірден шыққан архе­ологиялық дүниелер арнайы бір жерге сақталып, жаңғырту жұ­мысы уақытылы жүргізіліп тұрады. Мұн­дай залдың болуы аса құнды жәдігер­лерге реставрация және кон­сервация жұмысын жасауға ыңғайлы. Оларды зерттеу ғалым­дарға өте ыңғайлы», – дейді З. Самашев.
Бұл залға Шығыс Қазақстанның тарихи мекендерінен табылған 2 мыңнан астам жәдігер берілген. Берел жазығынан табылған алғашқы жәдігерлер, кейінгілердің ішіндегі ең құнды дегендері осы музей Президенттік мәдени орталығы болып тұрған кезден табысталып келген. Соның бәрі енді бір залда сақталмақшы.