Ресейлік Killnet хакерлер тобы Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Масктың Starlink қызметіне шабуыл жасады. Бұл туралы топтың Telegram желісіндегі аккаунтына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.
[caption id="attachment_228115" align="aligncenter" width="1739"] Америкалық спутниктік байланыс пайдаланушылары сайтқа кіре алмайды. Фото Getty Images агенттігінен алынды.[/caption]
«Америкалық спутниктік байланыс пайдаланушылары сайтқа кіре алмайды: кіру парағын жүктеуге көп уақыт кетеді, содан кейін ол қателікті көрсетеді», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Killnet Starlink дерекқорына мыңдаған гигабайт цифрлық қоқыс төгемін деп қорқытты. Осы жарияланым кезінде қызмет әлі де қолжетімсіз болып тұр.
[caption id="attachment_228116" align="aligncenter" width="1756"] Бұған дейін Killnet Ақ үй сайтының жұмысын тоқтатқаны хабарланған болатын. Сынақ шабуылы 30 минутқа созылған. Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption]
Бұған дейін Killnet Ақ үй сайтының жұмысын тоқтатқаны хабарланған болатын. Хакерлердің айтуынша, ұжымдық сынақ шабуылы 30 минутқа созылған.
Killnet осылайша «АҚШ президенті Джо Байденді зейнеткерлікке шығарып салдық» деп түсіндірді.