Сағат 12.00-дегі жағдай: қазақстандықтардың 38,55 пайызы дауыс берді
Сағат 12.00-дегі жағдай: қазақстандықтардың 38,55 пайызы дауыс берді
Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша, республика азаматтарының 38,55 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты. «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 12.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынадай: Абай облысы бойынша – 43,67, Ақмола облысы бойынша – 40,13, Ақтөбе облысы бойынша – 44,48, Алматы облысы бойынша – 25,83, Атырау облысы бойынша – 40,42, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 27,55, Жамбыл облысы бойынша – 44,29, Жетісу облысы бойынша – 42,18, Қарағанды облысы бойынша – 44,9, Қостанай облысы бойынша – 42,876 Қызылорда облысы бойынша – 43,46, Маңғыстау облысы бойынша – 41,19, Павлодар облысы бойынша – 44,23, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 43,64, Түркістан облысы бойынша – 64,21, Ұлытау облысы бойынша – 52,22, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 41,86, Астана қаласы бойынша – 19,33, Алматы қаласы бойынша – 16,89, Шымкент қаласы бойынша – 34,41 пайыз», – деді ол. Оның дерегінше, жалпы  сағат 12.00-дегі жағдай бойынша республиканың 4 606 596 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілен азаматтардың 38,55 пайызын құрайды. Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Барлық өңірде 10 033 учаске дауыс беруге кірісті. Сонымен қатар 16 шет мемлекеттегі Қазақстанның өкілдіктері жанындағы 17 учаскеде дауыс беру басталды. Шетелдегі 51 учаскеде жергілікті уақытпен дауыс беру басталатын болады. Осылайша, қазір сайлау 10 050 учаскеде өтуде.